Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Мен оқыған 10 кітап» республикалық акциясы бастау алды

Астанада «Мен оқыған 10 кітап» республикалық акциясы бастау алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай елордада «Мен оқыған 10 кітап» атты акция басталды. Бастаманың мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, әр азаматты жылына кемінде 10 кітап оқуға ынталандыру, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Акция аясында қатысушылар соңғы жылдары оқыған кітаптарының тізімін ұсынып, өзіне ерекше әсер қалдырған шығармалар туралы қысқаша ой бөліседі. Мұндай формат кітапты тереңірек түсінуге және оқырмандар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Игі бастамаға зиялы қауым, мәдениет және спорт саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен жастар белсенді қатысуда. Олардың қатарында «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  директорының орынбасары Бекболат Арыстанбеков,   тоғызқұмалақтан Астана құрмасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әуелбай Ерсұлтан, сондай-ақ муатай бөлімінің бапкері Ернар Жумамуратов бар. Бұл кітап оқудың қоғамның әр саласында қолдау тауып отырғанын көрсетеді.

Акция бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуда. Іс-шара барысында ұсынылған кітаптар қатарында қазақ және әлем әдебиетінің танымал туындылары бар.

Әр азамат ақпарат кеңістігінде соңғы жылдары оқыған кемінде 10 кітаптың тізімін жариялап, өзіне ерекше әсер қалдырған шығармалар туралы қысқаша ой бөлісіп, оның пайдасы мен ықпалын сипаттайды. Осы ретте орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Бекболат Арыстанбеков өз оқыған кітаптарымен бөлісті. Оның айтуынша, ерекше әсер қалдырған шығармалар қатарында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдары», Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі, сондай-ақ әлем әдебиетінен Джордж Оруэллдің «1984» және Эрих Мария Ремарктің «Үш жолдас» романдары бар.

Маманның пікірінше, мұндай әдебиеттер адамды терең ойлауға жетелейді, өмірге деген көзқарасты кеңейтеді және рухани құндылықтарды бағалауға үйретеді. Ол кітап оқу мәдениетін дамыту – қоғамның интеллектуалдық деңгейін арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, осындай бастамалар арқылы жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, тұрақты оқу әдетін қалыптастыруға мүмкіндік туатынын жеткізді.

«Мен оқыған 10 кітап» акциясы – кітап оқу мәдениетін қолдауға бағытталған ашық әрі қолжетімді бастама. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарды осы акцияға қатысып, өз оқырмандық тәжірибесімен бөлісуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады