Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда кітапханаларының кітап қорын жаңарту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Елорда кітапханаларының кітап қорын жаңарту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде елорда кітапханаларының кітап қорын толықтыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен ғылым саласының көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар, атап айтқанда Сауытбек Абдрахманов, Дихан Қамзабекұлы, Бақытжан Оразалиев, Жанат Әскербекқызы, Марат Әбсеметов, Әлібек Асқар, Дәулеткерей Кәпұлы, Қуаныш Жиенбай, Бауыржан Бабажанұлы, Нұрлан Қалқа, Төлен Тілеубай, Қанат Әбілқайыр, Мақпал Жұмабай, Азамат Кеңесұлы, сондай-ақ кітапхана ісінің мамандары мен жастар өкілдері қатысты.

Отырыс барысында кітап қорын оқырман сұранысына сәйкес жүйелі түрде толықтыру, заманауи көркем әдебиетпен, отандық және шетелдік бестселлерлермен, ғылыми-танымдық, балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдармен толықтыру бағытындағы тақырыптар талқыланды.

Аталған жұмыс елорданың мәдени-интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың сапалы әдебиетке қолжетімділігін кеңейтуге және кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады