Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таза Қазақстан: Астанада экобуккроссинг сөресі ашылды

Таза Қазақстан: Астанада экобуккроссинг сөресі ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ерекше іс-шараны қолға алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі экобуккроссинг сөресін іске қосты. Мұндағы басты мақсат – кітап арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экобуккроссинг сөресі – бұл кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарды ортақ кеңістікте біріктіреді, онда әркім кітапты қоқысқа тастаудың немесе пайдаланбай сақтаудың орнына басқа оқырманға бере алады, яғни бір-бірімен кітап алмасады», – деді қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директорының орынбасары Бекболат Арыстанбеков.

Бекболат Арыстанбековтің айтуынша, іс-шара көпшілікке экологиялық білім беру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарын экологиялық қозғалысқа тартуды мақсат етеді.

«Экобуккросингке қойылған басты тақырыптар елімізде мекендейтін жануарлар түрлеріне, Қазақстанның табиғатына, қорықтарына, таулы аймақтарына арналады. Көрмеге өсімдіктер әлемі, балаларға арналған экологиялық әліппе сынды кітаптарды қойдық. Сондай-ақ келушілер көрмеден 20 облыстың сұлу табиғаты жайлы кітаптарды да таба алады. Бұл кітаптарды алу үшін әр адам өзінің экологиялық бағыттағы бір кітабын әкеліп, орнына басқа кітапты алып кете алады», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экобуккроссинг – Астана кітапханалары жүйесінің табиғатқа ұқыппен қарауға және қала тұрғындарының экологияға жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған кезекті маңызды қадам. Айта кетейік, бұл іс-шара жыл соңына дейін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады