Ғаламтор жаулаған ХХI ғасырда кітапқа деген сұраныс расымен түсіп кетті ме? «Жастар кітап оқудан қалды» деген негізсіз қалыптасқан түсінік үлкен буын қатарынан жиі естіп жатамыз. Кітапхана мен кітап сататын дүкендердің қызметкерлері ересектер мен балалардың кітап оқуға деген көзқарастары жағымды түрде өсіп жатқанын айтады. Соның ішінде фэнтези, бестселлер және психологиялық жанрдағы кітаптар сұранысқа ие екен.
Жастар арасындағы интернетке тәуелділік кітапқа деген қызығушылықты жоя қоймағандай. Оған дәлел кітапханаға жиналған оқырман жастар. Технология дамыған заманда жаңа мүмкіндіктердің тиімді тұстарын жасөспірімдер ұтқыр пайдалануда. Студент Гүлжайна Дүйсенова кітапты онлайн түрде оқып, көңіліне жаққан оқулықты түр-түрімен таңдай отыра, ыңғайлы уақытта ашып оқыған көңіл қуантады,- дейді.
Ал, мамандар көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын оқулықтарды оқыған абзал деп кеңес береді. Шымкент қалалық Пушкин атындағы әмбебап кітапхана қорында қазіргі таңда 137 мыңға жуық кітап болса, оның ішінде 48 мыңы қазақ тілінде. Бүгінде жасөспірімдер арасында сұранысқа ие танымал шығармалар қатарына Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасы болса, одан бөлек кәсіпкерлікке бастайтын Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам», Қуаныш Шонбайдың «Q п Я» кітаптары үлкен оқырмандық сұранысқа ие екен.
Күн сайын кітапханаға келуші оқырман жастар саны артып келеді дейді кітапхана қызметкерлері.Жалпы «жастар кітап оқымайды» деген пікірмен келіпейміз дейді мамандар.
Қазіргі уақытта жастарды кітап оқуға баулу аса маңызды. Ол отбасында,мектепте, жоғары оқу орындарында үрдіске айналуда. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ұйымдар белсенді түрде жұмыс жасауда.
20-12-2023, 18:00
Шымкентте кітап оқитын жастардың саны артқан
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз