Кітап жәрмеңкесінің ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қатысты.
Кітап жәрмеңкесіне 50-ден астам отандық баспалар мен кітап дүкендері, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейден келген делегациялар қатысуда.
Көрме-жәрмеңкенің қонақтары кітап нарығының жаңалықтарымен танысуға, авторлармен кездесуге және қолтаңба сессиялары аясында қол қойылған туындылардың даналарын алуға мүмкіндік алды.