Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп ұстаздарына жаңа Конституциядағы өзгерістер түсіндірілді

Астанада мектеп ұстаздарына жаңа Конституциядағы өзгерістер түсіндірілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы №97 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әділетті мемлекетке қадам» тақырыбында қалалық семинар өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Оған қала мектептерінің мұғалімдері, білім беру саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елді әділетті, құқықтық және демократиялық мемлекет құруға бағыттайтыны атап өтілді. Сонымен қатар конституциялық құқық, мемлекеттік басқару, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы тұрғысынан академиялық талқылаулар жүргізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәнін, мазмұнын және құқықтық негіздерін педагогтерге жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының қағидаттарын талқылау.

Конференция аясында 2026 жылғы Конституцияның 94-бабы 1-тармағына ерекше назар аударылып, оның мазмұны, өзекті мәселелері және күшіне ену тәртібі қарастырылды.

Іс-шараға заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамалиден Ибрагимов және Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова қатысты.

Спикерлер өз баяндамаларында конституциялық реформалардың құқықтық негіздеріне талдау жасап, білім беру процесінде бұл тақырыпты тиімді жеткізу жолдарын ұсынды.

Семинарға Астана қаласынан жүзден астам педагогтің қатысқаны айтылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа оқу материалдарын талқылады, сондай-ақ оқушыларға Конституциялық өзгерістерді түсіндірудің заманауи тәсілдерін қарастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және «Әділетті Қазақстан» құндылықтарын білім беру кеңістігінде кеңінен насихаттауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады