Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті

Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қолдауға арналған ауқымды концерт өтті. Бұл туралы  елордалық «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қалалық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарын конституциялық өзгерістер идеясы төңірегінде біріктірді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке 5 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жастар, қоғам өкілдері және сауда-ойын-сауық орталығының келушілері болды. Іс-шара атмосферасы азаматтық белсенділік пен қоғамның алдағы өзгерістерге деген қызығушылығын айқын көрсетті.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Еркеш Хасен, Мәди Сыздықов, «Жошы» тобы, Зарина Божакова және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

Концерт барысында жиналған қауым алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ Қоғамдық кеңес пен жалпыұлттық коалиция штабының мүшелері сөз сөйледі. Олар Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі ережелерді түсіндіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту және қоғамдық бірлікті нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар азаматтарды ақпараттандыруға және алдағы референдум мәселелері бойынша ашық қоғамдық диалог қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді