Дс, 14 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Сапалы білім" жобасы аясында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде

Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сапалы білім» жобасы аясында шаһардағы  №48 жалпы орта білім беретін мектепте «Білім сапасын көтеруде білім беру жүйесінің үлесі» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар өтті. Жиынның мақсаты: білім алушылардың білім сапасын көтеру, әр оқушыға сапалы білім ала алатындай жағдайды қамтамасыз ету, пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

Семинарда мектептің физика, информатика, биология, қазақ тілі, орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, шебер-сыныптар өткізіп, оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар соңында мектеп директорлары қатысушылармен кері байланыс жүргізіп, мұғалімдер білім берудегі трендтерге деген жаңа көзқарас, жаңа инсайттарын ортаға салды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.

Ұлттық жобаның көздегені балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтуға, ауылдағы білім беру сапасын арттыруға, балалардың қауіпсіздігіне және ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күш салу болып саналады. Аталған ұлттық жоба 4 негізгі бағыттан, 5 міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Оған 2025 жылға дейін бюжеттен 2 трлн теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ.Ұлттық жоба білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылардың оқу сапасын арттыруды көздейді. Ұлттық жобаның түпкілікті мақсаты оның мазмұнынан да анық көрініс тапқан. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты