Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау үшін елорда активімен кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдік басқармаларының басшылары, аудан әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Конституциялық комиссия мүшелері – Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мен Қоғамдық кеңес төрағасы Зульфухар Гаипов Конституцияның жаңа редакциясында көзделген негізгі өзгерістер мен концептуалды жаңалықтарды таныстырды.

Қала әкімі қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде елде Ата Заңды жаңарту бойынша кең ауқымды және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол Конституциялық комиссия Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылып, шамамен 130 түрлі сала өкілдерінің – мемлекеттік қызметкерлердің, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосатынын еске салды.

Қатысушылардың айтуынша, жаңа Конституция жобасында мемлекеттіліктің негізгі құндылықтары бекітілген: тәуелсіздік, аумақтық тұтастық, ұлттық бірегейлік, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтары. Мәдениет пен білім, ғылым мен инновациялар – елдің дамуы мен адам капиталын қалыптастырудың стратегиялық басымдықтары, ал табиғатты сақтап, қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырылған.

Кездесудің қорытындысында алдағы кезеңде басты міндеттің бірі – қоғамға конституциялық өзгерістердің мәнін және олардың елдің ары қарай дамуына әсерін жан-жақты түсіндіру екені айтылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті