Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектептерде сынып ішінен кітап оқу бұрыштары ашылып жатыр

Елордалық мектептерде сынып ішінен кітап оқу бұрыштары ашылып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының мектептерінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа жоба қолға алынды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бастауыш сыныптарда сынып ішінен арнайы кітап оқу бұрышы ашылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында қаладағы №103 жалпы білім беретін мектептің 26 бастауыш сынып кабинетінде балаларға арналған шағын кітапханалар ұйымдастырылды. Бұл бастама оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, оқу мәдениетін қалыптастыруына және ой-өрісін кеңейтуіне бағытталған.

Жаңа форматтағы кітап бұрыштары балаларға ыңғайлы етіп жабдықталған. Мұнда оқушылар үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін кітап оқып, өзара пікір алмаса алады. Сонымен қатар, мұндай орта баланың еркін ойлауына, тіл байлығын дамытуына және шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған жоба шетелдік тәжірибеге, атап айтқанда Америка мектептеріндегі сыныпішілік кітап оқу мәдениетіне негізделген. Бұл тәсіл оқушыларды ерте жастан кітапқа баулудың тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылып отыр.

«Балалар бұрын кітапты тек кітапханадан алса, қазір үнемі жанында. Сынып ішінде арнайы бұрыштың болуы олардың қызығушылығын айтарлықтай арттырды. Әсіресе, үзіліс кезінде кітап оқуға ниет білдіретін оқушылар саны көбейді», – дейді мектеп директоры Жанат Тұрысбекқызы.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар оқушылардың оқу дағдысын қалыптастырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына да оң әсер етеді. Алдағы уақытта жобаны кеңейтіп, басқа сыныптарға да енгізу жоспарланып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады