Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Кітаппен бірге жолда» атты жаңа жоба басталды

Оралда «Кітаппен бірге жолда» атты жаңа жоба басталды
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Орал қаласында «Кітаппен бірге жолда» жобасы бастау алды. Аталған жобаның негізгі мақсаты — қоғамдық көліктегі жолаушылардың уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау, кітап оқу мәдениетін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, сондай-ақ қала тұрғындарының рухани және зияткерлік дамуына үлес қосу, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру еліміздің рухани дамуы мен зияткерлік әлеуетін арттырудағы маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, жаппай кітап оқу мәдениетін дамыту азаматтардың ой-өрісін кеңейтіп, білім сапасын арттыруға және қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, «кітап оқитын ұлтты» қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалардың маңызы ерекше.


Жоба аясында қалаішілік №2 және №5 бағыттағы автобустар жол үстіндегі шағын кітапханаға айналды. Қоғамдық көлік салондарына орнатылған арнайы кітап сөрелерінен жолаушылар көркем, танымдық және мотивациялық әдебиеттерді жол бойы еркін оқи алады. Бұл бастама қала тұрғындарының бос уақытын пайдалы өткізуіне, кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және оқырман мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етеді.


Аталған жобаны жүзеге асыруға қала әкімдігі, мәдениет саласының өкілдері және қоғамдық көлік мекемелері атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы уақытта өзге бағыттағы автобустарды да қамтып, кеңейтілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті