Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалы ғимаратында «Кітап – Аманат» орталығы ашылды. Онда ұлттық, әдеби мәдени бағыттағы кітаптарды арзан алуға және осы жерде оқуға мүмкіндік бар.
Оқырман мен жазушыны тікелей байланыстыратын жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Бұл күні Аманат партиясы жанындағы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті.
Кітап орталығы ел аумағында ашылған алтыншы орын. Партия бастамасымен қолға алынған дүкендерде кітаптар сатылып қана қоймай, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері мен талқылаулары ұйымдастырылатын болады. Орталықтың халыққа, руханиятқа, әдебиетке, ұлттық идеологияға тікелей қызмет ететініне бек сенімді.
Бұл күні ұйым жанындағы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті. Оған партия хатшысы Шолпан Каримова арнайы қатысып, жобаның негізгі бағыттарын жеткізді. Елімізде әйелдерге қатысты қолға алынған бастамалармен таныстырды. Ал бесіктің иесі – ана. Әйелдер түзелсе, қоғам түзелмек. Сондықтан ең алдымен нәзік жандылардың белсенділігін аттыру қажет. Жиында осы бағыттағы ойлар ортаға салынды. Басқосуда өңірдегі саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар жайында кеңінен айтылды. Түрлі салада табысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер, көпбалалы аналар қауымы еркін пікір-алмасты. Түрлі ұсыныс-тілектер айтылды. Іс-шара барысында партия Хатшысы Шолпан Каринова жас оқырмандармен әңгімелесіп, өз ойымен бөлісті.
«Бүгін «Кітап-AMANAT» жобасы аясында алтыншы кітап дүкені ашылып отыр. Жобаның болашағы зор, өміршең болады деген сенімдемін. Кітап оқуды әдетке айналдыру үшін біздер осылайша жастарға бағыт-бағдар көрсетіп отыруымыз керек. «Кітап-AMANAT» орталығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналады деп ойлаймын», – деді партия Хатшысы.