Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Елордада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүк автокөлігі жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны жүк көліктеріне бақылауды күшейтті. Әсіресе жүргізушілердің құқық бұзушылықтарды фото және бейнебақылау камералары мен салмақ өлшеу жүйелері арқылы тіркеуден жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін әдейі алып тастау фактілеріне ерекше назар аударылуда. Өткізілген іс-шаралар барысында екі құқық бұзушылық фактісі анықталды. Бірінші жағдайда 30 жастағы жүргізуші жүк көлігін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқарған, сондай-ақ жолдың жүру бөлігінің ластануына жол берген. Жүргізуші жауапқа тартылды. Екінші жағдайда 25 жастағы жүргізуші нөмірлік белгілерсіз көлік басқарумен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған күйде рөлге отырған.

Сот шешімімен ол жасаған құқық бұзушылықтары үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды. Анықталғандай, екі жүргізуші де автоматты бақылау жүйелері орнатылған учаскелерден өтер алдында жауапкершіліктен жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірлік белгілерін әдейі алып тастаған. Полиция жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға және бақылау жүйелерін айналып өту әрекеттеріне бармауға шақырады. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін әдейі алып тастау, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған кезеңде рөлге отыру — жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар және қатаң жауапкершілікке әкеп соғады. Ережелерді сақтау — бұл тек міндет қана емес, сонымен қатар өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің кепілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді