Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құжатсыз жүк тасымалдаған астаналық жүргізуші жауапқа тартылды

Құжатсыз жүк тасымалдаған астаналық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі құжатсыз жүк тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күйгенжар" бекетінде полиция қызметкерлері алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ "Shacman" жүк көлігін тіркемесімен тоқтатты. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қалаға қарай қозғалысын жалғастырды. Кейіннен көлік бағдаршамда тоқтатылып, ұсталды. Тексеру барысында 30 жастағы жүргізушінің тасымалданатын жүкке рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталды. Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқару деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші үш тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Жыл басынан бері елордада 2500-ден астам жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000-нан астам мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты