Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көлігінің мемлекеттік нөмірін әдейі жасырып қойған жүргізуші ұсталды

Астанада көлігінің мемлекеттік нөмірін әдейі жасырып қойған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада көлігінің мемлекеттік нөмірін әдейі жасырып қойған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада "Жалған мемлекеттік нөмірлер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Күйгенжар бекетінде полицейлер Howo жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден және бейнебақылау арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтардан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін әдейі жасырғаны анықталды. Жүргізуші алдыңғы мемлекеттік нөмірді техникалық май — солидолмен жауып қойған, ал артқы нөмірді қардан әдейі тазаламаған, соның салдарынан нөмір белгісі оқылмайтын күйге түскен. Аталған дерек бойынша жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін материалдарды қолдана отырып көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Іс-шара басталғалы бері елордада барлығы 726 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарудың 176 дерегі, нөмірсіз көлік басқарудың 41 фактісі, жалған нөмір қолданудың 5 жағдайы, сондай-ақ нөмір белгілерін тануға кедергі келтіретін материалдарды пайдаланудың 7 дерегі тіркелді. Полиция мемлекеттік нөмір белгілерін жасыруға, өзгертуге немесе оқылмайтын күйге келтіруге бағытталған кез келген әрекет заңнамаға қайшы екенін және жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір жүргізушінің міндеті ғана емес, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосылған үлес.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті