Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жүк көліктеріне рейд жүргізілді

Астанада жүк көліктеріне рейд жүргізілді
Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүк тасымалдау саласындағы заң талаптарын сақтау және жүк көліктерін пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елордада 2386 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 1050 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді. Осы мақсатта полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тексеру жүргізді. Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз жүк көлігін басқарған үш жүргізушіні ұстады.

Тексеру кезінде олардың бұрын алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен әрқайсысына 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Елорда полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты