Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші анықталды

Елордада жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz

Елордада жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елордада өткен “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ немесе заңмен белгіленген тәртіпте тіркелмеген жағдайда басқару – 27, алкогольдік масаң күйде автокөлік басқару — 18, жүргізуші куәлігі жоқ адамның көлік құралын басқаруы — 80, мопед басқару бойынша – 10, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі алынған – 34 заңсыз әрекеттер тіркелді. Астана – Қарағанды бағытындағы автожолда орналасқан “Күйгенжар” бекетінде полиция қызметкерлері ірі габаритті жолаушылар автобусын тоқтатты. 

Тексеру барысында аталған көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылғаны анықталды. Көлік жүргізушісі шетелдік автобусты қолдан жасалған нөмірмен басқарған. Заң талаптарына сәйкес, бұл әрекет Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігі бойынша құқық бұзушылық болып табылады. Аталған факті бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары жедел тәртіппен қарауға жіберілді. Жүргізуші өз кінәсін мойындап, жауапқа тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті