Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жүргізуші ұсталды

Астанада жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Демалыс күні Сығанақ көшесі аумағында жол қозғалысын бақылау барысында 36 жастағы азамат жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған көлік құралын басқару кезінде анықталды. Тексеру барысында көлік құралында мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіленбегені және оның жалған нөмірлік белгілермен жабдықталғаны белгілі болды. Аталған құқық бұзушылық бойынша азаматқа ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігіне (Көлік құралын жалған немесе басқа біреуге тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқару) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар құқық бұзушының көлік құралын басқару құқығы (жүргізуші куәлігі) болмағаны анықталып, бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 612-бабының 2-бөлігіне сәйкес қосымша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Айта кетейік, ол енді бір жыл бойы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алмайды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша барлық материалдар тиісті әкімшілік сотқа жолданды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 1 тәулікке қамауға алынды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты