Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

4 мыңнан астам жұмысшы мен 1250 техника: Алматы көшелері тәулігіне төртінші рет тазартылып жатыр

4 мыңнан астам жұмысшы мен 1250 техника: Алматы көшелері тәулігіне төртінші рет тазартылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда толассыз жауған қардың салдарын жою жұмыстары жалғасып отыр. Қардың тоқтаусыз жауып жатқанына байланысты коммуналдық қызмет қала көшелерін тәулігіне төртінші рет толық тазаланып жатыр. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 ақпанда қала бойынша ауқымды күш жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 1250 бірлік арнайы техника мен 4050 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде:

— 905 техника және 2015 жұмысшы — «Алматы Тазалық» МКК;

— 345 техника және 695 жұмысшы — мердігер ұйымдар.

Қардың толассыз жаууына байланысты жұмыстар қосымша күшейтілді. 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні тазалау жұмыстарына тағы 1340 адам тартылады. Оның ішінде 500 қызметкер — «Алматы Тазалық» МКК-дан, 840 жұмысшы — мердігер ұйымдардан. Осылайша, тәулік бойы жұмысқа барлығы 1250 арнайы техника мен 4050 жол саласы жұмысшысы атсалысады.

Тазалау жұмыстары барлық ауданда жүргізілуде. Негізгі басымдық — магистральдық көшелер, қоғамдық көлік бағыттары, еңіс және дөң аумақтар, аялдамалар мен тротуарлар. Жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады: алдымен көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, кейін техника қарды ысырып, сыртқа шығарады.

Қар қалың жауып жатса да, жұмыс күні-түні тоқтамайды. Коммуналдық қызмет ауа райына бейімделіп, ресурстарды жүктемесі ең жоғары аумақтарға бағыттап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты