Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді

Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытты. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см-ге дейін қар түсетіні болжанған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 8 желтоқсан түнінде көше-жол желісіне көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспалар себілді. Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылып, арнайы техника мен жедел бригадалар жұмылдырылды.

Түнгі жұмыс барысында 1 000-нан астам арнайы техника, 2,7 мың жұмысшы және 75 жедел бригада кезекшілік атқарды. Еңісте, дөңде және көктайғақ жиі пайда болатын аймақтарға патрульдік бақылау күшейтілді. Алматы құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді, Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 244 қызметкерді тартты.

Жұмыс барысында барлығы 553,4 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Ең ауқымды жұмыс көктайғақ қаупі жоғары саналатын Бостандық және Медеу аудандарында жүргізілді.

Алматы әкімдігі, аудан әкімдіктері, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Полиция департаменті, «Алматы Тазалық» кәсіпорны және мердігер ұйымдар жолдың жайын тәулік бойы бақылап отыр. Алдағы күндері ауа температурасы төмендеген жағдайда магистральдық көшелерге қосымша қоспа себіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті