Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада толассыз қар жауып тұр: қар күреуге 3 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1 мыңнан аса техника жұмылдырылды

Елордада толассыз қар жауып тұр: қар күреуге 3 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1 мыңнан аса техника жұмылдырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада толассыз қар жауып жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 ақпан күні көшелер мен жолдарда 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік маршруты тазаланып, кейін аула іші, тротуарлар және аялдамалар тазартылып жатыр.

Әкімдік тұрғындарға жолда абай болуға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.

Өткен түнде қаладан арнайы полигондарға 488 рейспен 7 078 текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 245 мыңнан аса жүк көлігімен 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, алдағы күндері Астанада жауын-шашынды ауа райы сақталады: қар, боран, тұман және көктайғақ күтіліп отыр. Күндізгі температура 0 мен -7 градус аралығында болады.

Шұғыл жағдайларда 112 нөміріне хабарласу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті