Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Коммуналдық қызмет қардан тазалау жұмыстарына жедел кірісті

Коммуналдық қызмет қардан тазалау жұмыстарына жедел кірісті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте бүгін түс қайтқаннан бері толассыз қар жауып жатыр. Ауа райына байланысты қала аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді. Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарына кірісіп, тәулік бойы жұмыс істейді.

Абай ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелердегі аяқ жолдар және 165 аялдама қардан тазаланды.  Сондай-ақ 107 көпқабатты тұрғын үй үйлаларын тазалауға 10 бригада 210 жұмысшы жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарын мердігер мекемелер “Sana global” ЖШС, “Шымкентспецкомлекс” ЖШС, “Desupport” ЖШС және “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Жолдарға тайғаққа қарсы инертті материалдар себілді.
Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерді  тазалауға "Таза Өлке" ЖШС-і тарапынан 44 техника 237 жұмысшы жұмылдырылды. Ішкі орам көшелер мен аулаларды тазартуға "Жасыл ел" ЖШС, “Бәйтерек ЛБ” ЖШС тарапынан жұмысшылар тартылып, техникалар жұмылдырылды.Еңбекші ауданының коммуналдық қызметі ауа райына байланысты жедел іске кірісті.
Басты көшелерді тазалауға “ГРУППА ИНТЕКО” ЖШС-нен  150 адам кіріссе, кешкі уақытқа 50 адам тартылады. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары да кешкі уақытта тазаланады, дейді әкімдік мамандары.Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелерде қар тазалау жұмыстарына 34 техника 162 жұмысшы тартылды. Ал ішкі орамдық көшелердегі қарды 6 бригададағы 125 жұмысшы атқаруда.
Қаратау ауданында  «Қаратау» КММ тарапынан 18 елді мекенде үздіксіз қар тазалау жұмыстары атқарылуда.  Әсіресе коммуналдық қызметкерлер тротуарларды, жаяу жүргіншілер жүретін аймақтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, көпшілік пайдаланатын орындарды тазалап жатыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты