Алматыда таңғы сағат 5-тен бастап жауа бастаған қар болжам бойынша 31 қаңтар – 1 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көктайғақтың алдын алу үшін жолға 180 м³ реагент себілді. Құм-тұз қоспасын себу үшін 1250 тонна материал пайдаланылып, 152 арнайы техника жұмылдырылды.Күндізгі уақытта қар күрец жұмыстарына 455 бірлік техника мен 1060 жұмысшы тартылды. Жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамаларды тазалау үшін 95 бірлік шағын техника пайдаланылды. Қауіпті жол учаскелерінде жиналып қалған қарды алып тастац үшін 46 бригада күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірістіАлматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғындарды ауа райы жағдайын ескеруге және жолда сақ болуға шақырады.Бүгін, 10:30
Алматыда қар: коммуналдық қызмет күшейтілген жұмысты жалғастырып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз