Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО жолдарында көктайғаққа байланысты полицейлер 500-ден астам көлікті сүйемелдеді

СҚО жолдарында көктайғаққа байланысты полицейлер 500-ден астам көлікті сүйемелдеді
Фото: polisia.kz

СҚО жолдарында көктайғаққа байланысты полицейлер 500-ден астам көлікті сүйемелдеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

30 желтоқсан күні таңертең ауа райының күрт жылынуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысынан Ақмола облысына шығатын барлық автожолдар жабылды. Көршілес өңірде жаңбыр жауып, жолдарда мұзтайғақ қаупі туындады. Елдің ең солтүстік өңірінде полиция көлік қозғалысын патрульдік автокөліктердің сүйемелдеуімен ұйымдастырылған колонналар арқылы қамтамасыз етті. Жұмыс екі бағытта жүргізіліп, көршілес облыстағы әріптестермен іс-қимыл үйлестірілді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары аудандарда және облыс орталығында да күшейтілді. Жолдар ашылғаннан кейін де тәртіп сақшылары күшейтілген дайындық режимін сақтап отыр. Жүргізушілерге ескертіледі: мұзтайғақ қаупі әлі де сақталуда, түнгі уақытта жолдарды қайта жабу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Мұз қатқан жолдарда қозғалған кезде жылдамдық режимін қатаң сақтау, көліктер арасындағы арақашықтықты барынша ұлғайту, күрт маневрлерден бас тарту қажет. Мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады