Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында 200-ден астам көлік жолда қалды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республика аумағындағы бірқатар тас жолдар жабылды. Сондай-ақ боран салдарынан Қарағанды облысында 200-ден астам көлік жолда қалған, деп хабарлайды POLISIA.KZ. 

Ведомствоның мәліметінше, 3 қаңтар күні ауа райының күрт өзгеріп, қар жауып, боран соғуына байланысты Қарағанды облысының аумағынан өтетін барлық республикалық маңызы бар тас жолдар мен облыс ішіндегі жолдар жабылған. Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Боран салдарынан жолдың жабылуына байланысты Қарағандыдан Алматыға қарай бағыт алған 30-ға жуық көлік, Астана бағытында Теміртауға жетпей 200-ге жуық көлік жолда қалған. Қазіргі уақытта полицейлер жолда қалған көліктерге көмек көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ полицейлер Түркістан облысының аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран соғуына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар оның ішінде Шолаққорған-Түркістан, Алматы-Ташкент және Алматы-Тараз тас жолдары жабық екенін ескертеді. Сондай-ақ екпіні 50 м/с дейін болатын қатты боранға байланысты Жамбыл облысындағы облыстық маңызы бар "Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған" (27-ден 76 шақырымға дейін), "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент" (107-ден 149 шақырымға дейін), республикалық маңызы бар Тараз-Шымкент учаскесіндегі (534-тен 593 шақырымға дейін) жолдар жабылған. Осы орайда полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне аса қажеттілік болмаса, мүлдем жолға шықпауға кеңес береді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты