Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматыда 8-10 желтоқсан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, сынап бағанасы күрт төмендейді. 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см қар түсуі мүмкін. Циклон өткеннен кейін 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының бұзылуына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылды. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Тәулік бойы 1000-нан астам арнайы техника мен 2,7 мың жұмысшы жұмылдырылмақ. Еңіс, дөң және өзге де қауіпті учаскеде тайғақты уақытылы анықтап, жою үшін жолға патрульдік бақылау күшейтілді, барлығы 75 жедел бригада кезекшілік етеді. Алматы қаласының Құтқару қызметінің 15 техникасы мен 50 қызметкері, ал Төтенше жағдайлар департаментінің 53 техникасы мен 244 маманы кезекші болуға дайын.

Сонымен қатар қала әкімдігінде, аудан әкімдіктерінде, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасында, «Алматы Тазалық» кәсіпорнында және мердігер ұйымдарда жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауғанға дейін негізгі магистральдарға көктайғаққа қарсы қоспаларды алдын ала себу жоспарланған.

Көктайғақ кезінде жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру, жылдамдықты төмендету, қашықтықты сақтау және шұғыл бұрылмау ұсынылады. Тәжірибесі аз жүргізушілер мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланғаны дұрыс. Жүргіншілерге тайғақ тротуарда барынша сақ болып, биік ғимараттардың маңына жақындамау қажет, шатырдан қар түсу қаупі бар. Қала тұрғындарына жолдарын алдын ала жоспарлап, жылы киіну ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті