Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

V Азия Пара ойындарының жеңімпаздары елге оралды: оларды жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды

V Азия Пара ойындарының жеңімпаздары елге оралды: оларды жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорданың халықаралық әуежайында 14 желтоқсаннан 15 желтоқсанға ауған түні Біріккен Араб Әмірлігінде өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

10-13 желтоқсан аралығында өткен төрт жылдықтың кешенді жарысында еліміздің намысын 9 спорт түрінен 60 отандасымыз қорғап, 68 медаль жеңіп алды. Айтулы жарысқа Астана қаласының спортшылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, пара пауэрлифтинг сайысында Вазир Надыров 59 кг салмақ дәрежесінде 115 кг нәтижемен сынға түсіп, үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.

Сондай-ақ, Қуаныш Рахатұлы 54 кг салмақ дәрежесінде 107 кг нәтижемен өнер көрсетіп, пара пауэрлифтингтен қола жүлдеге қол жеткізді. Пара үстел теннисінен аралас жұптық сында елордалық Алтынай Ержанқызы Эли Махұлбековпен бірге өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал жекелей сында Алтынай қола медаль иеленді.

Пара жүзуден қатысқан екі бірдей астаналық спортшы да жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Аделья Қалиева пара жүзуден жасөспірімдер арасындағы V Азия Паралимпиада ойындарының төрт дүркін алтын жүлдегері атанды. Ол 12-15 жас санатында өнер көрсетіп, төрт түрлі қашықтықта жеңіске жетті: 

• 200 м кешенді жүзу; 

• 100 м еркін стиль; 

• 400 м еркін стиль; 

• 50 м еркін стиль.

Ал пара жүзуші Тұрғанбеков Әли 17-18 жас санатында сынға түсіп, бір алтын және екі күміс медаль иеленді. Ол төмендегі қашықтықтарда жүлдегер атанды: 

• 100 м брасс – алтын медаль; 

• 100 м еркін стиль – күміс медаль; 

• 100 м шалқалап жүзу – күміс медаль.

Осылайша, Жасөспірімдер арасындағы Азия Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі.Жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындарының деңгейі уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы Бахрейндегі өткен додаға 30 ел бас қосса, биыл рекордты көлемде 45 мемлекет жүлдеге таласты. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге 8 жылдық үзілістен кейін қайта қатысты.2009 жылдан бастау алған жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындарының тарихында осыған дейін Қазақстан құрамасы 25 алтын еншілеген еді. Ал Дубайдағы өткен V Азия пара ойындарында отандастарымыз 25 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің әнұрамызды шырқатты.

«25 алтын алудың өзі оңайға соққан жоқ. Осының артында жүйелі жоспар құру, оқу-жаттығу жиындары, бапкерлердің еңбегі, спортшылардың қаншама төккен тері жатыр. Ең бастысы, ұлттық құраманың артынан еріп келе жатқан резервтің деңгейін тексеруге мүмкіндік алдық және олар үлкен тәжірибе жинады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі директордың орынбасары Лескен Есекеев.

Айта кетейік, енді жасөспірімдер арасындағы келесі VI Азия Пара ойындарын 2029 жылы Камбоджа Корольдігі қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті