Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азия ойындарында чемпион болған елордалық хоккейшілерді Астана әуежайында жұрт сән-салтанатпен қарсы алды

Азия ойындарында чемпион болған елордалық хоккейшілерді Астана әуежайында жұрт сән-салтанатпен қарсы алды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Хоккейден Азия ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алған Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының мүшелері Қытайдың Харбин қаласынан елге оралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әуежайында спортшылардың оралуын тағатсыздана күткен хоккейшілерді отбасылары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды. Азия ойындарының жеңімпаздарының құрметіне ұлттық әуендер шырқалып, жүлдегерлер бауырсақ пен қымыздан дәм татты.Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында астаналық жеті хоккейші болды: Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Щегай, Александра Воронова, Екатерина Куценко, Арина Щеколова және Юлия Буторина.Қазақстан ерлер хоккей құрамасы Азия ойындарының финалында Жапонияны 5:0 есебімен сенімді жеңіп, алтын медальға ие болды. Команда сапында 14 астаналық спортшы өнер көрсеткендіктен, бұл жетістікке елордалық хоккейшілердің қосқан үлесі зор болды.


Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, Азия ойындарының үздік төрттігіне енді. Харбиндегі Азия ойындарында барлығы 137 спортшы (72 ер және 65 әйел) спорттың 10 түрінен бақ сынады. Олардың қатарында конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, керлинг, сондай-ақ шайбалы хоккейден ерлер мен әйелдер құрамалары құрамында бақ сынаған астаналық 36 спортшы болды.Жалпы медальдар есебінде (жеке жүлделерді қосқанда) Астана 17 алтын, 12 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, 1-орынға ие болды. Екінші орынды Ақмола облысының спортшылары (6 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль), үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілдері (3 алтын, 10 күміс, 2 қола медаль) иеленді. Келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті