Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында тірек-қимыл аппараты, көру мүшелері зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII cпартакиадасы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырыдатын спорттық додада Астана қаласынан 189 пара спортшы жүлдеге таласпақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, VII Спартакиадаға қатысушылар алдымен аудан және облыс бойынша іріктеу кезеңдерінен іріктелген.Төрт жылда бір рет өтетін бұл ірі спорттық іс-шара биыл еліміздің бес өңірінде өтеді. Жарыс бағдарламасына барлығы 17 спорт түрі енгізілген.Астана қаласы: волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара дзюдо, бочча, пара би және пара каратэ; Тараз қаласы: голбол, пара жүзу, пара пауэрлифтинг; Алматы облысы: пара оқ ату және пара жеңіл атлетика; Көкшетау қаласында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ сайысынан жүлдегерлер анықталады.VII Спартакиаданың қорытындысы бойынша, ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды.4-06-2025, 17:59
Астанада параспортшыларға арналған ҚР VII cпартакиадасы ресми түрде ашылды

Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз