Пара дзюдодан алғаш рет Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Аталған додада J1 санаты бойынша 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен елордалық Ерғали Шамей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қол медаль үшін белдесуде жерлесіміз Бауыржан Арстанбековпен кездесуі тиіс еді. Алайда қарсыластың бас тартуына байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.
Ерғали Шамей бұған дейін 1/8 финалда үш дүркін Паралимпиада жүлдегері, франциялық Сирил Жонармен 7 минут бойы табанды күресіп, өкінішке қарай, жеңісті қолдан жіберді. Айта кету керек, Ерғали әлем чемпионатына жаңадан ауысқан салмақта – 81 келіде қатысып отыр. Бұған дейін ол 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.
Осылайша, 2025 IBSA Judo World Championships Astana жарысының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар жалпы 5 жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді.
Айта кетейік, әр төрт жыл сайын өтетін бұл маңызды додаға әлемнің 40 елінен 350-ден астам спортшы қатысып жатыр. Биылғы жаһандық бәсекеге 15-тен астам Паралимпиада чемпионы мен әлемдік спорт жұлдыздары арнайы келген.