Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі спорт кешені мен Ұлттық кітапханаға барды

Алматы әкімі спорт кешені мен Ұлттық кітапханаға барды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында CHAMP1ON спорт кешенін және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасын аралап көрді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

CHAMP1ON спорт кешені жүзу, баскетбол, фитнес және триатлонмен айналысуға барлық жағдай жасалған заманауи орталық. Мұнда 50-ден астам кәсіби спортшыдан тұратын құрама командалар дайындалады. Соңғы жылдары орталық спортшылары қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда 90-нан астам медаль иеленіп, 10 үміткер спорт шебері дәрежесіне жетті. Ал 3 спортшы Қазақстанның триатлон бойынша ұлттық құрамасына енді.

Кешен базасында MY WIN атты қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 3 мыңнан астам бала мен жасөспірім спортпен шұғылданып, қабілетін дамыта алды.

Ұлттық кітапхана еліміздің ең ірі мәдени әрі ғылыми орталығы, тарихы 1910 жылдан бастау алады. Мұнда ұлттық кітап қоры сақталып, заманауи цифрлық сервистер енгізіліп, қала тұрғындарының білім алып, мәдениетін дамытуға жағдай жасалып отыр.

«Қаланың әр ауданында, әсіресе жастар үшін заманауи әрі қолжетімді спорттық және мәдени кеңістіктердің болуы маңызды. Спорт инфрақұрылымын дамыту мен Ұлттық кітапхана сияқты мәдени мекемелерді қолдау - белсенді, білімді және мықты ұрпақ қалыптастырудың негізі», — деді Дархан Сатыбалды.

Қала басшысы тиісті басқармаларға спорттық, мәдени және демалыс орындарын одан әрі дамытып, алматылықтардың өзін-өзі дамытуы мен белсенді өмір салтына қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады