Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай #МеніңТәуелсіздіккеҚосқанҮлесім атты спорттағы жетістіктер акциясын бастады (видео)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген спорттағы жетістіктері туралы акцияны бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz. 


Грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, Әлем, Азия, Еуропа чемпионы Дәулет Тұрлыханов, ушу-саньдадан  халықаралық турнирлердің чемпионы, Әлем Чемпионатының жүлдегері Фархад Аманқұлов, күрестен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина және басқа да Олимпиада, Әлем, Азия чемпионатынан бейнероликтер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми парақшасында жарияланды.  


Тәуелсіздік жылдарында еліміздің спортшылары мынадай жетістіктерге қол жеткізді:


қысқы Олимпиада (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014, 2018) 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль.

Барлығы: 8 медаль иеленді;


жазғы Олимпиада  (1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016) 15 алтын, 21 күміс, 28 қола медаль.

Барлығы: 64 медаль жеңіп алды;


жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасы (2010, 2014, 2018) 10 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль.

Барлығы: 25 медаль иеленді;


қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы (2012, 2016, 2020) 1 күміс, 4 қола медаль.

Барлығы: 5 медаль жеңіп алды;


жазғы Паралимпиада 1 алтын, 1 күміс медаль.

Барлығы: 2 медаль жеңіп алды;


қысқы Паралимпиада 1 алтын, 1 күміс медаль.

Барлығы: 2 медаль иеленді;


паралимпиадалық спорт түрлерінен жазғы әлем чемпионатында 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль.

Барлығы: 14 медаль жеңіп алды;


жазғы Азия паралимпиада ойындары 12 алтын, 21 күміс, 26 қола медаль.

Барлығы: 59 медаль иеленді;


Тәуелсіздік жылдары қазақ спортшылары 7 жазғы Азия ойындарына қатысты (1994, 1998, 2002, 2006, 2010, 2014, 2018) ол жерде 155 алтын, 158 күміс және 244 қола медаль.


Барлығы: 557 медаль жеңіп алды;


Тәуелсіздік алған кезден бері қысқы спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарында спортшыларымыз 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль.

Барлығы: 18 медаль иеленді;


30 жылда жазғы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама мүшелері 47 алтын, 52 күміс, 101 қола медаль иеленді.

Барлығы: 200 медаль;


Тәуелсіздік жылдарында 77 стадион, 38 спорт сарайы, 7,8 мың спорт алаңы мен 2 мыңнан астам спорт зал тұрғызылды.


2014-2015 жылдары 8 өңірде 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.


2018 жылы республика бойынша 45 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.


2019-2020 жылдары 80 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды