Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Өндіріс» елді мекенінде жаңа спорт кешені ашылады

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өндіріс» елді мекенінде жақында жаңадан дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады. Жаңа кешен құрылысы «Елорданың тұрғын алаптарын дамыту туралы» тұжырымдамасы аясында салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа спорт нысаны Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Ол жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына ыңғайлы болмақ. Толықтай жабдықталған нысанда футзал, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Сол сияқты дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін каратэ-до, самбо, кикбоксинг, муай-тай, киокушинкай кан каратэ, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таэквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірмелер ұйымдастырылады. Оған ұзын саны 350 бала тартылмақ.

Жаңа спорт нысанында жаттығатын балалар болашақта республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алады. Ал үздік жас спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына, сол сияқты ұлттық құрамаларға іріктеледі.

Айта кетейік, жаңа кешеннің ішінде күреске арналған 215 шаршы метр зал, 93,2 шаршы метр аумақта жаттығу залы, 595 шаршы метр аумақта әмбебап зал жасақталған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана болады.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданының әкімдігі аталмыш елді мекен тұрғындарына жайлы жағдай жасап, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуына баса мән береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты