Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнес-орталықтардың орнына жасыл аймақ: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Бизнес-орталықтардың орнына жасыл аймақ: Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы Сарайшық тұрғын ауданында «Bravo Family» тұрғын үй кешенінің маңында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа демалыс орны №93 мектеп-лицейі мен Ш.Қалдаяқов көшесіндегі 23/2 үйдің арасында орналасқан. Бұрын бұл жерде үш көпқабатты бизнес-орталық салу жоспарланған еді. Алайда тұрғындардың өтініші бойынша оның орнына жаңа сквер салынды.Онымен бірге автотұрақ орындары, жаңа тротуар және көше жарықтандыру орнатылды. Бұл әсіресе балалары бар отбасылар үшін маңызды, шағын ауданның өзінде бірнеше мың оқушы тұрады.

«Енді балалардың мектепке баруы қауіпсіз. Шамдар қойылды, жол салынды, бәрі жинақы әрі ыңғайлы болды», – дейді тұрғындар.Ағаш отырғызу барысында мұнда шамамен 400 түп ағаш егілді, көктемде бұталар отырғызу жоспарланып отыр. Бұрын бұл жерде бос жер болса, енді барлық жастағы адамдарға арналған демалыс аймағы: балалар алаңы, орындықтар және рекреациялық аймақ бар.Аталған округтің мәслихат депутаты Мадина Әжікенова мұндай шешімді өте орынды деп санайды: «Бұл жерге сквер салу – дұрыс шешім болды. Қазір мұнда жай серуендейтін орын ғана емес, толыққанды қоғамдық кеңістік бар: балалар баскетбол мен футбол ойнай алады, жанында мектеп орналасқан, тұрғындар риза. Бұл – болашақ ұрпақ үшін дұрыс қадам. Денсаулықты нығайтатын, белсенді өмір салтын дамытатын осындай кеңістіктер көп болғаны дұрыс. Мұнда 400-ден астам ағаш отырғызылды, аумақ көркейтілді, ең бастысы бұл жер енді жандана түсті. Меніңше, қоғамның пікірі әрқашан ескерілуі тиіс.Адамдар өз ауданының тағдырына атсалысқанда, нәтиже шын мәнінде пайдалы әрі қажет болады», – деді депутат.

Тұрғындардың пікірінше, қалаға жаңа жасыл аймақтар мен қоғамдық кеңістіктер ауадай қажет, олар жайлылық пен сапалы өмір сүру үшін маңызды.Айта кетейік, биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтыды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті