Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

Астанада 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында абаттандырылатын аумақтар жайлы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елордамызды абаттандыру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Қалада тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын өткізуіне арналған орындар саны артып келеді. Биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Абаттандыру барысында көгалдандыру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қаланы аралау барысында бірқатар нысанға бардым.

Мәселен, Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда орталығының алдында ескі үйлер мен сауда нысандарын бұзу жұмысы жүріп жатыр. Көп жылдан бері бұл аумақ стихиялы саудаға байланысты проблемалы учаскелердің бірі болып келген. Биылдың өзінде бұл аумақ қайта жаңарып, орнына жаңа қоғамдық кеңістік ашылады. Тұрғындар үшін жаяу жүргіншілер аймағы, демалыс орындары ашылып, көгалдандыру және жарықтандыру жұмысы жүргізіледі. Аталған жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асырып, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тағы бір қоғамдық кеңістік Жұбанов көшесінде (Тархан көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралықта) ашылады.

Гүлзардың жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрді құрайды. Абаттандыру аясында ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізіледі: көпжылдық бұталар мен ірі көшеттер отырғызылады.

Абай даңғылының Республика даңғылынан бастап Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы екі жағынан толық абаттандырылады. Абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі 1,1 гектарды құрайды. Жоба аясында көше жиһаздары орнатылып, жарықтандыру жұмысы және т.б. жүргізіледі.

Сарайшық шағын ауданында (Жүргенов гүлзары) еңбек пен жұмысшы мамандықтардың маңызына арналған арнайы тақырыптағы гүлзар жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында көшеге арналған жиһаздар орнатылады, көгалдандыру жұмысы жүргізіледі және басқа да абаттандыру шаралары іске асырылады. Гүлзар тек тұрғындардың демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қоғам тарапынан еңбекке деген құрметті арттыруға бағытталған қалалық ортаның маңызды элементіне айналмақ.

Тәшенев көшесінің бойында көгалды орын ашылды. Мұнда 500-ден астам ағаш отырғызылды. Аумағы толықтай автоматты суару жүйесімен жабдықталған.

Абаттандыру және көгалдандыру жұмысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Биыл да өткен жылдардағыдай бір миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі