Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ерекше қоғамдық кеңістік пайда болды

Астанада ерекше қоғамдық кеңістік пайда болды

Астана тұрғындары үшін қалада тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Сарайшық ауданының Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы аумақта астаналықтар енді жаңартылған жолмен серуендеп, жаңадан пайда болған велосипед жолымен қатынай алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Жалпы биыл Астанада абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде, Сарайшық ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар аула мен қоғамдық кеңістік жаңартылды.  

«Ауданымызда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 ауланы абаттандырумен қатар, жаңадан 3 кеңістік пайдалануға беріліп жатыр. Оның бірі кеше ғана Жүргенов көшесінің бойындағы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған аллея болса, бүгін де міне, Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі үшбұрышындағы кеңістікті жаңартылған кейіпке енді. Тағы екеуінде жұмыс жүріп жатыр. Бір жағынан, тамаша ауа-райын пайдаланып, тұрғындарға, балаларға көңілді сәт сыйлағымыз келді», – дейді Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген. 

Сонымен бірге, төртінші қоғамдық кеңістік – «Bravo Family» тұрғын үй кешені мен №93 мектеп-лицей жанында абаттандыру жұмыстары басталып кеткен. Әсіресе Р. Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы орын ерекше құлпырып шыға келді. Оның үстіне, тұрғындардың қолайлылығы үшін 3 мың шаршы метр автотұрақ жасақталып, орындықтар қойылды.   Көгалдандыру жұмысы аясында 140 түп ағаш отырғызылып, тағы 90 ағаштың орны дайындалды. Бұл аумақ гүлмен де көмкеріле түскен. 

Мәселен, 3500 сәндік гүлді бұта егілген.  Балалар мен жасөспірімдер үшін шағын сәулет нысандары қойылып, бұл кеңістік нағыз демалыс орнына айналды.  Жалпы алғанда, «Сарайшық» ауданында экологиялық айлық шеңберінде 4 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл соңына дейін аудан аумағында 10 мыңнан астам ағаш пен 20 мың бұта егілмек. Осылайша, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен жасыл желек тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, ал қаланың көркін айшықтай түсуге ықпал етпек.  Айта кетейік, биыл елордада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктерді – саябақтар, гүлзарлар мен желекжолдарды абаттандыру көзделген. Жұмыс барлық ауданды, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Сонымен қатар, Астанада көгалдандыру белсенді жүргізіліп жатыр: 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті