Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада демалыс уақытын пайдалы өткізіп, кездесу алаңына айналатын жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Астанада демалыс уақытын пайдалы өткізіп, кездесу алаңына айналатын жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астананың Сарайшық ауданында Президент жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар адамдары жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Т.Жүргенов көшесі, 27/1 үйінің жанынан бой көтерген жаңа саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орны ғана емес, ел дамуына жұмысшы мамандықтарының қосқан үлесін айқындайтын нышандық кеңістікке айналды.Жаңарған аумақта балалар алаңдары, спорттық құрал-жабдықтар, көлеңкелі бастырмалар мен арт-дуалдар орнатылды. Ашылу рәсімі аясында 300 түп ағаш отырғызылып, арнайы техника көрмесі, тақырыптық фотокөрме және «Еңбек жолы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау өтті. Сондай-ақ суретшілер жұмысшы мамандық иелерінің портреттерін көпшілік алдында салып, мерекелік концертпен шара аяқталды. Айта кетейік, биыл елордада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктерді – саябақтар, скверлер мен бульварларды абаттандыру көзделген. Жұмыс барлық аудандарды, соның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Сонымен қатар Астанада көгалдандыру белсенді жүргізіліп жатыр: 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті