Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Шанхайдың вице-мэрі Чжан Я Хунмен кездесті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Шанхайдың вице-мэрі Чжан Я Хунмен кездесті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдікте Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай қаласы әкімінің орынбасары, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Чжан Я Хун арасында ресми кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында тараптар экономика, инвестиция, туризм, цифрлық технологиялар және қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Дархан Сатыбалды Қытай Алматының негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Бүгінде қалада қытай капиталы бар 2,9 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы мегаполистің сыртқы саудасының үштен біріне тең. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында өзара сауда көлемі 5 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті.

Әсіресе, қауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Әкім Алматының қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін Шанхайдың заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті қолданудағы тәжірибесіне қызығушылық танытты.

«Шанхай – әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі. Біз цифрлық шешімдерді енгізу және инновацияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасуға мүдделіміз», – деді Дархан Сатыбалды.

Кездесуде туризм мен Алматының тау кластерін дамыту, мәдени байланыстар және креативті индустриядағы бірлескен бастамалар да сөз болды. Атап айтқанда, Алматы–Шанхай, Алматы–Гуанчжоу және Алматы–Инин бағыттарында ашылған тікелей әуе рейстерінің маңызы айтылды. Сондай-ақ, венчурлық қорлар мен компанияларды ортақ жобаларға тарту мүмкіндігі талқыланды.

Өз кезегінде Чжан Я Хун екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екенін жеткізіп, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық саладағы серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты жалғастырып, Алматы делегациясының қараша айында Шанхайға ресми сапарын өткізуге уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті