Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ГФР Бундесрат Президенті, Саар федералды жерінің премьер-министрі Анке Релингермен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀
Кездесуде экономика, денсаулық сақтау, экология, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қозғалды.⠀ Германия — Алматының маңызды серіктестерінің бірі: бүгінде қалада Siemens, Volkswagen, Bayer, Knauf сынды неміс компанияларының 370-тен астам кәсіпорны жұмыс істейді.⠀ Алматы дәрігерлерінің Германия клиникаларында тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өту бағдарламалары, сондай-ақ, неміс оңалту тәжірибелерін енгізу жайы талқыға түсті.⠀ Қазақстан-Неміс университеті, Гёте институты және «Возрождение» қоғамының мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі айтылды, - делінген хабарламада.Тараптар серіктестікті одан әрі дамытып, екіжақты жобаларды кеңейтуге уағдаласты.