Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Франциямен халықаралық байланыстарды нығайтуға ниетті

Алматы Франциямен халықаралық байланыстарды нығайтуға ниетті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Франция Республикасының Елшісі Сильван Гиогемен ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында экономиканы дамыту, мәдени байланыстарды кеңейту, көлік инфрақұрылымы мен қаланы жаңғырту жайы қаралды. Дархан Сатыбалды Алматы француз инвестициясына ашық екенін атап өтті: бүгінде қалада француз капиталының қатысуымен шамамен 60 кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2005 жылдан бері тартылған инвестиция көлемі 20 млрд АҚШ долларынан асты. Қалада серіктестік үшін барлық жағдай жасалған – арнайы экономикалық аймақтар, дамыған инфрақұрылым және белсенді іскерлік орта бар.

«Алматыда француз тілі мен мәдениеті жоғары бағаланады. Қаламыз сергек іскерлік ахуалымен, жаңашылдыққа ашықтығымен және сенімді серіктестікке ұмтылысымен ерекшеленеді», – деді әкім.

Франция елшісі білім, мәдениет және экономика салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейтуге мүдделі екенін білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді