Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020-2021 жылдары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 127 үй салынды, алайда электр желілері әлі күнге дейін қызмет көрсетуші ұйымдардың балансына берілмеген. Бұл жағдай 2025 жылдың басынан бері 30-дан астам апатқа және су жабдықтау жүйесіндегі ақауға себеп болды. Әкім қыркүйек айында желілерді толыққанды қызмет көрсету үшін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ иелігіне беруді тапсырды. Бұл мәселені шешіп, тұрақты электрмен қамтуға мүмкіндік береді. Аудан аумағында жаңа мектептер, балабақшалар және әлеуметтік нысандар, соның ішінде ерекше балаларға арналған орталық ашу жоспарланып отыр.Тұрғындар полицияның тірек пунктін орнатуды ұсынды, әкім бұл мәселені қарастыруды тапсырды.
