Үлкен Алматы айналма автожолында жасыл аймақтарды автосуарудың жүйесін күрделі жөндеу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы абаттандыру мен тазалыққа қатысты барлық мәселені жеке бақылауыма аламын. Әрбір азамат осыған жауапкершілікпен қараса деймін», - деп атап өтті қала әкімі.
«Думан» шағынауданында халық санының өсуіне байланысты 500 келушіге арналған отбасылық амбулатория салу мәселесі қарастырылуда. Әкім тұрғындармен кездесіп, бұл емхана барлық санаттағы азаматтарға қолжетімді болатынын жеткізді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 2000 орындық мектептің құрылыс алаңында әкім құрылыс жұмыстарын тамыз айына дейін аяқтап, қыркүйекте оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз етуді тапсырды. Кіші Станица ауданында бос тұрған ғимараттарды округтің қажеттілігі үшін коммуналдық меншікке беру ұсынылды.Жұмыс сапары «Алматы Тазалық» базасында аяқталды. Дархан Сатыбалды көшелердің тиісті жағдайда болмауына аудан әкімдері жауапты болатынын ескертті. Сондай-ақ, барлық жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды.