Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жаңа кітапханалар ашылды

Астанада жаңа кітапханалар ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан ашылған кітапханалар туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Достар! Өздеріңіз білетіндей, балаларды ерте жастан кітап оқуға баулудың маңызы зор. Бұл баланың сауатын арттырып, сөздік қорын көбейтіп қана қоймай, көкжиегін де кеңейтуге әсер етеді. Соңғы бірнеше жылда қаламызда жаңа кітапханалар ашылған жоқ. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» 18 кітапханадан тұратын.

Биыл біз 4 кітапхана ашамыз. Олардың 2-еуі қазірдің өзінде ашылды. Олар мына мекенжайларда орналасқан: бұқаралық кітапхана (Нәжімеденов көшесі, 27), балалар кітапханасы – (Бөкейхан көшесі, 25v).

Бүгін балаларға арналған жаңа кітапханаға бардым. Жалпы ауданы 340 шаршы метрді құрайтын кітапхана балаларға қызмет көрсетуге арналған. Дегенмен ересектер де кітапхана қызметін пайдалана алады. Бұл кітапхананың қоры 3 мыңға жуық жаңа кітаптан тұрады.

Мемлекет басшысы кітап оқитын халық қана нағыз интеллектуалды бола алатынын айта келе, «Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген.

Жуырда Астанада тағы екі кітапхана ашамыз. Осылайша, қаланың кітапхана желісі 22 кітапханадан тұрады, олардың арасында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана да бар.

Сол сияқты қолданыстағы кітапханаларды жаңғырту жұмысымен де айналысамыз. Өткен жылы 4 кітапхананы, биыл тағы 4 кітапхананы жаңарттық. Қалалық желінің кітап қоры 800 мыңға жуық дананы құрайды. Мәселен, қазіргі уақытта кітапхана қорына берілген кітаптар саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артты, бұл оқырмандардың өсуіне де айтарлықтай әсер етті.

Кітапханалар – білім орталығы ғана емес әрі демалыс орны!», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді