Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

БҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Зачаганск кенті аумағында өтті, оған 100-ге жуық адам қатысты. Олар арасында еріктілер, студенттер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараның маңыздылығын атап өткен «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Жұбайұлы:

«Экологиялық “Таза Қазақстан” акциясы — бұл қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған республикалық деңгейдегі бастама. Бұл акция ел тұрғындарын табиғатты сақтауға, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады», — деп атап өтті.

Акция барысында қатысушылар тек тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, ағаш отырғызу, гүлдер егу сияқты экологиялық жұмыстарды да атқарды. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша қалалық аумақты көгалдандыруға қатысты жоспарлар мен болашақта жүзеге асырылатын шаралар талқыланды.

Акцияны ұйымдастырушылар қалалық экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғауға қатысты ауқымды жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді. Оларға қала тұрғындарын экологиялық шараларға қатысуға шақыруды ұмытпағаны да айта кеткен жөн. Бұл бастама — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында өтіп жатқан іс-шаралардың бірі ғана.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді