Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды

Қазақстанда екі жылда үш ауысымды мектеп саны 3 есеге азайды
Фото: pixabay.com

Елімізде 2019 жылдан бастап 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1200 жаңа мектеп қолданысқа берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Әсіресе, 2023, 2024 жылдары құрылыс ерекше қарқынды болды. Бұл кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 510 мың орынға арналған 422 мектеп салынған болатын. Бұл құрылыс жұмыстары елімізде 100-ге жуық үшауысымды мектепті ғана емес,  200-ден астам мектептерде орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Соның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы мектептер салуға басымдық берілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 105 жайлы мектеп берілді, 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Сонымен қатар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 61 мектептің құрылысы қаржыландырылды, оның аясында тағы 28 білім ордасын салу жоспарлануда.Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсартудың үшінші бағыты - жыл сайын 1000 ауылдық мектепті жаңғырту, сондай-ақ қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жүргізілуде.
 «Мектеп инфрақұрылымын кешенді дамыту білім беру үшін жайлы жағдай жасауға және барлық бала үшін тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйелі шаралардың арқасында екі жыл ішінде үшауысымды мектептердің саны үш есеге қысқарды», - дейді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. 
Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты