Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

25 мыңға жуық оқушы орны білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен пайдалануға берілді

25 мыңға жуық оқушы орны білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен пайдалануға берілді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда 2023-2024 оқу жылының басында білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 24 566 орындық 13 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру нысандарының 6-уы Алматы облысында, 3-уі Астана қаласында, 2-уі Қызылорда облысында және бір-бірден Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында салынуда.

«Қызметін сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жүргізетін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры үш ауысымды, апатты мектептерді, оқушы орны тапшылығын жою мақсатында құрылды. Іріктеу 11 басымдық бойынша жүргізіледі, ең алдымен, бұрын басталған мектептердің құрылысын аяқтауға басымдық беріледі. Бүгінгі таңда қор 76 738 орындық 62 мектептің құрылысын қаржыландырды. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың есеп-шотына аударылды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салу мен жаңғыртуға қаржы бөліп келеді. Оқу жылының басынан бері елімізде 55 мың орындық 39 жаңа мектеп ашылды. 2023-2024 оқу жылында барлығы 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді.

Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды, оның аясында 740 мың орындық 369 мектеп салу жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты