Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: pixabay.com

Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды.Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.

Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:

• 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;

• 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;

• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;

• 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді.  Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады