Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

16 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 95 344 орындық 109 жаңа мектеп ашылады

16 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 95 344 орындық 109 жаңа мектеп ашылады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселелерін, сондай-ақ оқушылар орнының тапшылығын жүйелі шешу үшін жаңа білім беру нысандарын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

16 желтоқсан қарсаңында елімізде 7344 орындық 13 жаңа мектептің ашылуы жоспарлануда. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері пайдалануға берілетін 95 344 орындық жаңа мектептердің саны 109-ды құрайды.

Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді