Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

50 млрд теңге: Мал өсіретін шаруаларға жеңілдетілген кредит беріледі

50 млрд теңге: Мал өсіретін шаруаларға жеңілдетілген кредит беріледі
Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығында субсидиялаудан жеңілдетілген несиеге көшу процесі жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

— Мал шаруашылығы саласының толық қаржыландырылмауы ерекше назар аударуды қажет етеді, бұл салаға айналым қаражаты керек. Осы орайда мал шаруашылығының айналым қаражатын толықтыруға 50 млрд теңге сомасында жеңілдетілген кредит жүйесі енгізіледі. Айналым қаражатына арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюын ескере отырып, шаруалардың коммерциялық кредиттері бойынша ставканы субсидиялауды алып тастау ұсынылып отыр, — деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, субсидиялаудан жеңілдетілген кредит беруге көшу жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

— Биыл 141 инвестициялық жобаны іске асыру үшін 200 млрд. теңге көзделіп отыр, бұл импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Мемлекет басшысының жеңілдетілген кредитке көшу бойынша тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобалардың басым бағыттарын қамту арқылы, 2026 жылдан бастап қаржы институттарын тікелей субсидиялау механизмін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, — дейді ведомство басшысы.


Айта кетсек, биыл шаруаларға 700 млрд теңге жеңілдетілген кредит беріледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты