Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Фермерлерге субсидия бөлу жүйесі жетілдіріледі – Әлихан Смайылов

Фермерлерге субсидия бөлу жүйесі жетілдіріледі – Әлихан Смайылов
Фото: pixabay.com

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында 300-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жалпы құны 536 млрд теңгені құрайтын 300-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр, бұл шамамен 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, субсидиялау жүйесі жетілдіріліп жатыр», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит сомасының 140 млрд теңгеге дейін өскенін айтты. Шаруаларға 419 мың тонна дизель отыны арзандатылған бағамен бөлінді.

«Бұдан бөлек, егін орағына қосымша 400 мың тонна арзандатылған дизель отыны қарастырылды. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен кредит беру 145 млрд теңгеге дейін артты», - деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдағы әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған Ауылдарды дамыту жөнінде жаңа тұжырымдама қабылданды.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, биыл микрокредит беру және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы ауыл халқының табысын арттыру бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа биыл 100 млрд теңге бөлінді. 7 жыл ішінде жоба бойынша 1 млн-нан астам ауыл тұрғыны қамтылады. Оған жалпы 1 трлн теңге көзделген.

Осы ретте Әлихан Смайылов ауылды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы болып қала беретінін баса айтты. Биыл бағдарлама аясында 900 ауылда жалпы құны 198 млрд теңге болатын 1800-ден астам жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ шекара маңы аудандарының инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қолға алынды. 2023 жылы 140 ауылда 290 нысан пайдалануға беріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент субсидия беру жүйесі өте күрделі екенін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді